«Бизнес және құқық» факультетінің «Жастар ісі жөніндегі комитетінің» белсенді жастарының ұйымдастыруымен «Қарттарым-асыл қазынам» атты қайырымдылық шарасы өтті. Қарттарымыз жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Бұл шарада жастар қарттарымыздың көңілін көтеру мақсатында ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – отбасылардың қамқорлығынсыз қалған қарттарымызға қолдау көрсету. Шара барысында қарттарға арналып мерекелік дастархан да жайылды. Осындай шаралар оларға – нағыз бақыт. Жақсы әсерде қалған қариялар жастарға ризашылықтарын білдірді.