Арнаулы емтихан

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ БОЙЫНША АРНАУЛЫ ЕМТИХАН

«Педагогика ғылымдары» білім беру саласы бойынша арнаулы емтиханды дәстүрлі форматта 2022 жылдың 27 маусымы мен 20 тамызы аралығында Ақтау қ. 32 шағын ауданда орналасқан Ш. Есенов атындағы каспий технологиялар және инжиниринг университетіне келіп тапсыра аласыз.

 «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша арнаулы емтихан өткізу

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша арнаулы емтихан талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға бағытталған.
Арнаулы емтиханының мақсаты – талапкердің жеке қасиеттері мен коммуникативтік құзыреттілігін, оның уәждемесі мен саналы педагогикалық қызметті жүзеге асыруға бейімділігін анықтау.
Белгіленген емтихан күні талапкер қабылдау комиссиясына келіп тапсырады. Емтихан кезінде «өтті» немесе «өтпеді» көрсеткішімен бағаланады.

Емтихан нәтижесіне келіспеген талапкерлер апелляцияға өтініш бере алады. 

Өтініш беру мерзімі:

27.06.2022-20.08.2022ж

Емтихан өткізу мерзімдері:

27.06.-13.07.2022ж. (грант конкурсына қатысушыларға)

27.06.-20.08.2022ж. (ақылы негізде қабылданатындарға)

 

АРНАУЛЫ ЕМТИХАН ТАПСЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

Арнаулы емтихан тапсыру үшін қажет құжаттар тізімі:

1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);

2) ҰБТ сертификаты (бар болса);

3) 3 x 4 көлемдегі цифрлық фото;

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (талапкердің/заңды өкілдерінің);

5) туу туралы куәлік (18 жасқа толмаған талапкерлер үшін)