AntiParaCraft-2021

24 ақпан күні Yessenov University-де республика көлемінде өтіп жатқан «AntiParaCraft-2021» студенттік квест ойындарының салтанатты ашылуы өтті. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест бірнеше кезең бойынша өтеді. Студенттер ойын үлгісінде жемқорлық тәуекелдерін анықтайды, цифрлық технологиялардың көмегі арқылы криминалистикалық, интеллектуалдық, шығармашылық міндеттерді шешеді. Бүгін бастау алған «AntiParaCraft-2021» студенттік квестінің алғашқы кезеңі болып, командалар өздерінің топ мүшелерімен және ұрандарымен таныстырды. 

Жалпы квест 4 кезеңнен құралып, бір ай бойына жалғасатын болады.

Бұл квест-ойын жастар арасында, атап айтқанда ЖОО студенттері арасында парасаттылық мәдениетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест бірнеше кезеңде өтетін болады. Студенттер ойын түрінде пранк-провакацияларды болжайды, сандық технологияларды қолдана отырып, криминалистикалық, интелектуалды және шығармашылық есептерді шешеді, бейневайндар жасайды.