Yessenov University-де профессорлық-оқытушылар құрамын ағылшын тілінің төрт деңгейлерінде оқыту үшін, университет оқытушылары арасында ағылшын тілі курстары ұйымдастырылды. Бұл курстардың негізгі мақсаты – үш тілде оқу үдерісінде инновациялық оқыту технологияларын енгізу арқылы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған көптілді білім беру. 2017-2018 оқу жылының басында «Шетел тілдері» кафедрасы ағылшын тілін меңгерген мұғалімдерді анықтау үшін мониторинг жүргізді.
«Шетел тілдері» және «Тіл пәндері» кафедрасының оқытушылары инновациялық әдістемелер мен оқу құралдарын пайдалана отырып, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне ағылшын тілін үйрену үшін интерактивті сабақтар курсын өткізді.