25 сәуір күні Маңғыстау облысының әкімдігі, Yessenov University және «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысының Батыс Қазақстандағы филиалы «Таза экологиямен – ғасырға ядролық қарусыз» тақырыбында Халықаралық конференция өткізді.
Конференция барысында Қазақстанның бейбіт бастамалары, көшбасшы Президентіміздің Қазақстанда ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау мәселелері, қазіргі кездегі жаһандық қауіп-қатерлер және Маңғыстау облысының қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша атом өнеркәсібі кәсіпорындары (уран карьерлері және Қошқар-Ата қалдық қоймасы) қызметінің салдары талқыланды.
Конференцияға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеев, «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысының Батыс Қазақстандағы филиалының директоры И.А. Көбенов, Ширшов атындағы океанология институты директорының орынбасары, г.ғ.д., РҒА корреспондент мүшесі П.О. Завьялов, Маңғыстау облысы табиғи ресурстар басқармасының инспекторы О.А. Тоғжанов, «Парасат» қозғалысының жетекшісі Д.А. Аралбаев, жоғары дәрежелі дәрігер Г. Махимов, «Невада-Семей» қозғалысының ардагері Ж. Талдыбаев, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары К.А. Оралбаева, университет профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Конференцияның қорытындысы бойынша Астана қаласындағы «Семей-Невада» Халықаралық антиядролық қозғалысы қоғамдық ұйымының орталық аппаратына, ең өзекті мәселелер үкіметке ұсынылатыны жөнінде резолюция қабылданды. Олардың ішінде Қошқар ата қалдық қоймасын жою туралы мәселе де қарастырылған.
Конференциядан кейін барлық қатысушылар университеттің бас ғимарат аумағында ағаш отырғызу шарасына қатысты.