YESSENOV UNIVERSITY ӘСКЕРИ КАФЕДРА ТҮЛЕКТЕРІ ОТАНҒА АДАЛ БОЛУҒА АНТ БЕРДІ

YESSENOV UNIVERSITY ӘСКЕРИ КАФЕДРА ТҮЛЕКТЕРІ ОТАНҒА АДАЛ БОЛУҒА АНТ БЕРДІ

 

Университеттің әскери кафедрасының 202 курсанты салтанатты түрде әскери ант қабылдады.

 

Рәсім Әскери теңіз туын шығару және Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Құттықтау сөздерімен университет вице-президенті Макулов Қайырбек Қолданбекұлы, ҚР Қарулы күштері Ардагерлер кеңесі төрағасының Маңғыстау облысы бойынша орынбасары 1-дәрежелі отставкадағы капитан Тулекбаев Марат Абсатарұлы, кафедра бастығы 1-дәрежелі капитан Мейрамов Марат Ерғалиұлы, ҚР ҰҚК ардагері полковник Колпаков Анатолий Владимирович және әскери кафедраның басшылығы сөз сөйледі.

Университетте студенттердің әскери мамандықты қосымша игеруге және әскери атақ алуға мүмкіндігі бар. Әскери кафедрада оқыған жылдары курсанттар теориялық және практикалық білім алады, Оқу процесі және далалық оқу-жаттығу жиындары барысында олар жауынгерлік қару-жарақпен және техникамен жұмыс істеудің құнды дағдыларына ие болады.