«Жасыл Дамуды» Yessenov University түлегі басқарады
«Жасыл Даму» АҚ Қазақстандағы қалдықтарды жинау бойынша жаңа оператор ретінде анықталғанын еске саламыз. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешевтің бұйрығымен «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы болып, Ш. Есенов атындағы КТИУ бітірген, Жанат Самат тағайындалды.
Сіздермен бұл қуанышты жаңалықты бөлісе отырып, жаңа лауазым иесіне алдағы уақытта атқаратын жұмысын абыроймен атқаруын тілейміз.
Біздер үшін университетіміздің түлектерінің жоғары дәрежелерге көтеріліп, жетістіктерге жетуі зор мақтаныш! Жанат Самат біздің студенттерімізге керемет үлгі болары сөзсіз
Ж.Самат экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің Ірі салық төлеушілерді талдау және мониторингілеу бөлімінің бас салық инспекторы болып бастады. Әр жылдары облыстың Салық комитетінде Келіспеушіліктер және кеңес беру бөлімінің, Жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің, Жер қойнауын пайдаланушыларды тексеру бөлімінің бас салық инспекторы қызметтерін атқарды. Одан кейін де лауазымды қызметтерді атқарып келген.
2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры болып жұмыс істеді.