28 мамыр күні Америка Құрама Штаттары Елшілігінің саяси бөлімінің басшысы Стивен Джи мырза ресми сапармен Есенов Университетіне келді. Университетінің Президенті Берік Бақытжанұлы Ахметов өткізген кездесу барысында дипломат университет қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. Кездесу барысында АҚШ жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Ресми кездесуден кейін Стивен Джи мырзаға университеттің негізгі корпусы көрсетілді.