«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» атты 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті.
Мерекелік шарада Алғыс айту күнінің тарихи, саяси және тәрбиелік мән-маңызы терең қарастырылып, Қазақстан этностарының ұлттық әндері мен билері көпшілік назарына ұсынылды. Осы шара барысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын дәріптейтін бейнематериалдар көрсетіліп, ұлттық тағамдар көрмесі өтті.