«Жарқын болашаққа –жаңғыру жолымен» тақырыбында облыс әкімі Е. Тоғжановтың төрағалығымен Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) XXII сессиясы өтті. Сессия жұмысына ҚР Президент Әкімшілігінің, республиканың барлық өңірлерінің, облыстық мемлекеттік ұйымдарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, Yessenov University «Қазақстан халқы Ассемблеясы» кафедрасының оқытушылары қатысты. Кафедра меңгерушісі А.И.Мамбетова Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы аясында кафедраның атқарылатын қызметтері туралы баяндама жасады.