2018 жылдың 20-21 қыркүйегінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің «Болашаққа қатысты: білім беру сапасын қамтамасыз етудегі үрдістер, проблемалар және перспективалар» білім берудің 10 жылдығына арналған бірінші Еуразиялық форумы өткізілді.
Форумға ҚР білім және ғылым вице-министрі А.К. Аймағамбетов, НС НАОКО төрағасы Кулекеев Ж.А., білім беру сапасын қамтамасыз ету саласында жетекші шетелдік және қазақстандық сарапшылар: Мишель Вера (Нидерланды және Фландрия (NVAO) аккредиттеу агенттігі), Колин Тук (жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ететін Еуропалық тізілім (EQAR), Бельгия), Майки Удам (Эстония аккредиттеу агенттігі (EKKA)), Эстер Уертас Идальго (Каталония жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі), Елена Петров (білім және ғылыми зерттеулер сапасын қамтамасыз ету бойынша ұлттық агенттік (ANACEC), Молдова), Вербицкий А.А. (Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті), Петра Пистер (Дуйсбург-Эссен университеті, Германия) және т.б. қатысты.
Форум барысында «Құралдардан сапаны қамтамасыз ету жүйесіне көшу», «Сапаны қамтамасыз етудің салыстырмалық теориясы», «Сапаны қамтамасыз ету призмасы арқылы студенттерге бағытталған оқыту: Молдова Республикасының тәжірибесі» және басқа да мәселелер қарастырылды.
Сондай-ақ, бірінші күннің панельдік сессиясы аясында Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына қатысты тақырыптар, автономиялық мәртебеге ие және кәсіпкерлік институт үлгісіне бағдарланған заманауи университеттерді басқару мәселелеріне қатысты болды.
Yessenov University, стратегиялық жоспарлау, рейтинг және аккредиттеу бөлімінің басшысы А.К. Жұмурова форум жұмысына қатысты.