Бүгін Yessenov University Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің (БСҚА) сараптамалық тобы білім беру бағдарламаларын 3 кластер бойынша мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуден өткізу жұмысын бастады. Yessenov University аккредиттеу рәсімі жалғасуда.
Оқу орынға арнайы келген сараптамалық топ жетекшісі, халықаралық сарапшы А.А Азизов, сарапшылар З.С Ахатова, М.С. Есенаманова, жұмыс берушілер өкілі Е.Э.Адильбаев, студенттер өкілі Д.К.Мухангалиев, сараптамалық топ үйлестірушісі Б.С.Имашова оқу орынның ішкі жағдайымен танысуда.