Сапардың мақсаты Маңғыстау облысымен танысу және АҚШ елшілігі мен Yessenov University ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды.
Кездесу барысында университеттің білім беру бағдарламаларына «Медиа сауаттылық» курстарын енгізу, Америкадан келген тыңдаушыларға тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсыну және АҚШ Елшілігінің басқа бағдарламалары бойынша ынтымақтастық мүмкіндігі туралы мәселелер талқыланды.
Әңгімелесу барысында RELO басшысы Джон Сильвер қатысушыларды қол жетімді бағдарламалармен, тәжірибелермен және онлайн-курстармен таныстырды және студенттердің сұрақтарына жауап берді.