January 2019

Month

Университеттің «Математика», «Физика», «Информатика», «Биология» педагогикалық мамандықтарын бітіруші студенттеріне «Орта мектепте пәнді жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқыту» тақырыбы бойынша «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының оқытушылары курс өткізуде. Бағдарламаның мақсаты: Орта білім беру мазмұнын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу шеңберінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.  
Read More
Қазақстандағы жастар жылы аясында «Менеджмент» кафедраcының ұйымдастыруымен «Арман» коворкинг орталығында «Тәуелсіз елдің көшбасшылары» атты тақырыпта Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы мамандарымен студенттерінің кездесуі өткізілді. Жастар ресурстық орталығының мамандары студенттерге орталықтың жұмысы, жобалары және жоспарларымен бөлісті. Кездесу мақсаты – студенттерді жерін, халқын сүюге, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.  
Read More
“Дене тәрбиесі” кафедрасының оқытушылары Yessenov University студенттері арасында шағын футболдан жарыс өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды “Дене шынықтыру және спорт” мамандығының 2 курс студенттері, 2-орын “Құқықтану” мамандығының студенттері, 3-орын “Дене шынықтыру және спорт” мамандығының 1 курс студенттері иеленді.
Read More
Yessenov University Arýy men Sultany байқауына қатысқың келсе, кастингке тіркел! union@yu.edu.kz поштасына аты-жөнің мен телефоныңды жаз, біз хабарласамыз!
Read More
Yessenov University және «Optimum Жобалау  институты» ЖШС арасында біріккен ғылыми жұмыстарға арналған келісім жасалды. Келісім-шарт аясында университет шаруашылық-келісім негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады. Аталған жобаға «Инжиниринг» факультетінің «Мұнайгаз инжиниринг», «Геология» және «Экология және химиялық инжиниринг» кафедрасының ғалымдары қатысатын болады. Ғылыми жоба газконденсатты кеніштерді игеру проблемаларын шешуге бағытталған. Жоба жұмысына сәттілік тілейміз.
Read More
«Жастар шығармашылығы» бөлімінің ұйымдастыруымен «Қартымызды қадірлейік!» тақырыбында қайырымдылық акциясы өткізілді. Шараны өткізудегі басты мақсат – студенттер бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Шығармашылық  үйірмелердің өнерпаз студенттері  Ақтау қалалық №1 қарттар мен мүгедектер интернат үйіндегі қамкөңілді қарттарға күмбірлеген күй, әуезді ән орындады. Өз кезегінде ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты аналар шынайы...
Read More
Yessenov University Теңіз академиясына су көлігі саласының мамандарын даярлау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде «Зенит Орал зауыты» АҚ басшылығы кәсіпорынның бас конструкторының орынбасары Ахмедияров Бауыржан және менеджер Охасов Дәурен сапармен келді. Диалог тақырыбы теңіз оқу-жаттығу станциясын құру шеңберінде зауыттың өндірістік қуатын ескере отырып, теңіз көлігі саласында мамандар даярлау, «Зенит Орал зауыты» АҚ зауытының қуаттылығында өндірістік-кеме...
Read More
25 қаңтар, 2019 жыл KUTEL (Kazakh Universities to foster quality assurance processes in Technology Enhanced Learning) халықаралық жобасының қатысушылары Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті басшылығының отырысында жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы айтты. KUTEL жобасының негізгі мақсаты – технологияларды қолдана отырып, білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін енгізу арқылы аккредиттеу стандарттарын, технологияларды...
Read More
«Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қорықтар өлкесі» квест ойыны өтті. Шара барысында студенттер төмендегідей: «Қорықтар және ұлттық парктер», «Сәтті тиын», «Мерген», «Полиглот» айдарлары бойынша өз білімдері мен тапқырлықтарын, шеберліктерін көрсете білді. Квест-ойында «Туризм» мамандығының студенттері жеңіске жетті.  
Read More
Жаңа форматтағы Yessenov University-дің «Jas Tolqyn» журналын назарларыңызға ұсынамыз! [pdf-embedder url=”http://app.yu.edu.kz/wp-content/uploads/2019/01/8-jas-tolqyn.pdf” title=”№8 Jas Tolqyn”]
Read More
1 2