November 28, 2018

Day

Инжиниринг факультетінде кезекті SPE семинары өтті, онда КазНИПИмұнайгаз жетекші инженері Сагындыков Марат студенттерге  “Полимерлі суландыру тиімділігін бағалау” тақырыбында дәріс оқыды. Қызықты баяндамадан кейін дәріскер семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Read More
«Базалық» факультеттің “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының оқытушысы Толепбергенова А.Б және Жерге орналастыру мамандығының 1 курс студенттері “Service learning” пәнінің жобасы бойынша Ақтау қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларына арнап «Спорт-денсаулық кепілі!» атты шара өткізді. Шарада  дойбы, шахмат ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату.      
Read More
«Маңғыстау экспедициясы» аясында Маңғыстау тарихына «Жыңғылды катакомбасы» деген атпен енген ежелгі қабірлеу орнына алғашқы археологиялық қазба жұмысы жүргізілді. Танымал археолог А.Астафьевтің айтуынша, бұл кешенді жерлеу орны шамамен біздің заманымыздың 3-4 ғасырына тиісті болса керек. Қазіргі таңда 8 қабір ашылып, онда 13 адам жерленгені белгілі болды. Адам сүйектерінің жанынан құмыра, пышақ, қойдың жіліктері және моншақтар табылған....
Read More