October 2018

Month

Yessenov University бас ғимаратында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен және өңірлік офис қызметкерлерімен кездесу өтті. Шараға университет басшылығы, оқытушылар қатысты. Шара барысында бағдарлама аясында университет және үкіметтік емес ұйымдар арасында атқарылатын жұмыстар жөнінде талқылау жасалды.
Read More
1 қараша күні сағат 16:00-де Yessenov University бас ғимаратының Атриум залында #PublicTalk жобасы аясында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының және Ұлыбританияны үкіметінің «Chevening» халықаралық стипендиясының түлегі Ринат Елеусінұлы Нұрмағанбетпен кездесу болады. Студенттерді және оқытушыларды белсенділік танытып, аталған шараға қатысуға шақырамыз!  
Read More
Yessenov University-де #PublicTalk жобасы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ердембеков Бауыржанмен кездесу өтті. Бауыржан Амангелдіұлы өзінің өмірлік жолы жөнінде қысқаша баяндап, студенттер қойған сұрақтарға жауап берді. Келген қонағымыз Абайтанушы, Шәкәрімтанушы, Мұхтартанушы болғандықтан, қазақ әдебиетінің алып тұлғалары жөніндегі көп адам біле бермейтін деректер студенттерге өте қызықты болды. Кездесу соңында...
Read More
«Инжиниринг»  факультетінің «Машина жасау және көлік» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен  «Жомарт Жүрек» жобасының шеңберінде көмек пен көмекке мұқтаж адамдарға көмектесудің жастардың сана-сезімін қалыптастыруға бағытталған іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты: аз қамтылған отбасыларға , мүгедек  балаларды емдеу мен күтуде көмек көрсету, сондай-ақ жас ұрпақ арасында қайырымдылық туралы оң пікірін қалыптастыру.
Read More
 «Педагогика» факультетінде «Қазақ филологиясы» кафедрасының ұйымдастырумен «С.Қондыбай және ұлттық руханият» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Жоламан Қоблановтың кіріспе сөзімен басталды. Кафедра меңгерушісі Ақмарал Отарова, профессор Бибайша Нұрдәулетова және магистр Гүлдана Алтыбаевалар қатысты. Дөңгелек үстел ұстаздар мен магистрант, студент жастардың еркін әңгімесі түрінде өрбіді. Студенттер мен магистранттар С.Қондыбай шығармашылығынан, сондай-ақ өздерін толғандырған ...
Read More
Маңғыстау облысында алғаш ашылған MSA (Mangystau Startup Acceleration) IT стартап орталығының ресми ашылуы болып өтті. Стартап орталықтың ашылу салтанатында Орталық басшысы Өмірбек Құрбанбаев орталықтың жұмысымен таныстырып өтті. Маңғыстау стартап акселерациясы өңір жастарының стартап идеясын жүзеге асыруға, инвесторлар іздеу бойынша қолдау көрсетуге бағытталған.  Орталық әр түрлі тренингтер, семинарлар, мастер-кластар өткізуге арналған заманауи коворкинг алаңымен, конференц-залмен,  жаңа...
Read More
«Маңғыстау Арена» спорт кешенінде «Yessenov Students Party» студенттік арнау кеші өтті. Салтанатты шараға университет басшылығы, құрметті қонақтар, оқытушылар, жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Yessenov Students Party-бұл Yessenov University-де мәртебесі бойынша ең жоғарғы іс-шара.Шара барысында ҰБТ бойынша ең жоғары баллға  ие болған 5 студентке студенттік билеттер табысталды. Сондай-ақ, сайлау арқылы анықталған студенттік кеңестің жаңа президенті таныстырылған болатын....
Read More
30 қазан күні сағат 14:30-де Yessenov University бас ғимаратының Атриум залында #PublicTalk жобасы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ердембеков Бауыржанмен кездесу болады. Студенттерді және оқытушыларды белсенділік танытып, аталған шараға қатысуға шақырамыз!
Read More
2018 жылдың 19-21 қазаны аралығында «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Б.И.Нұрдәулетова және «Педагогикалық технология» кафедрасының доценті Ш.Сапарбайқызы Түркияның Құшадашы (Құс аралы) қаласында өткен «Түрік-ислам мазар тастары» тақырыбындағы халықаралық симпозиумда Маңғыстау жерасты мешіттері, оның тарихи-танымдық, рухани-ағартушылық қызметі туралы баяндамалар оқыды. Сонымен қатар профессор Б.И.Нұрдәулетова симпозиумның 5-отырысын жүргізді. 3 күнге созылған симпозиумда Түркия, Әзірбайжан, Татарстан, Қырым, Маңғыстаудағы түркі...
Read More
Маңғыстау облысында Елбасының «Қазақ тілін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын орындау және жаңа әліпбидегі жазу емлесінің Жобасын таныстыру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының мүшелері «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Б.И.Нұрдәулетова және облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының бөлім басшысы А.Ықыласқызы 2018 жылдың 25-26 қазаны аралығында облыстың Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау аудандары тұрғындарымен кездесіп,...
Read More
1 2 3 8