Педагогика факультеті, «Ағылшын филологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Тіл- татулық тірегі» тақырыбымен пікірсайыс турнирі өтті. Турнирдің мақсаты: білім алушылардың ой ұшқырлығын дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.Турнирге университет білім алушыларынан 8 фракция қатысты. Турнирдің ашылуында кафедра меңгерушісі Стамгалиева Назым Кушекқызы алғы сөзін сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнир Британдық форматта өткізіліп, онда төмендегідей қарарлар талқыланды: 1. БП.Қытай тілі ағылшын тіліне қарағанда әлемдік қолданысқа тиімді деп есептейді; 2. БП.ҚР орта мектептерінде 1- сыныптан бастап көп тілді оқыту балаға жасалынған қиянат деп есептейді; 3. БП.Тіл- Қазақстанның ұлттық кодын сақтап қалар негізгі құндылық деп есептейді;
Турнир барысында кафедраға қарасты мамандықтарда білім алып жүрген студенттер Бүркітова Нұрболған мен Жүсіп Айгүл төрешілік етіп, турнирдің жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты. Дебат қорытындысы бойынша 4 фракция финалға жолдама алып, І орын- «Extension» фракциясы, ІІ орын- «Джокер» фракциясы, ІІІ орын –«Белес» фракциясы, «Үздік талпыныс» номинациясы бойынша «YU» фракциясы марапатталды.