Yessenov University-де «Әйелмен әлем әдемі» атты форум өтті. Форум қазіргі әйел-ананың қоғамдағы, өмірдегі орны мен рөлінің ерекшелігін ұғындыру, қазақ әйелінің бейнесін қалыптастыруға ат салысуды талқылауға бағытталған диалог алаңына айналды.
Форумға ҚР білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз, «Шаңырақ» қоғамдық қорының директоры Рыскүл Игілікова, театр әртісі, «Алтын алқа» иегері, «Дарын» лицейі директорының тәрбие ісі орынбасары Нұргүл Ағылман, «Аманат» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Звира Есбергенова қатысып, сөз сөйледі.
Форум модераторы «Экология және геология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Махамбетова Роза қазіргі қоғамдағы әйелдердің маңызды рөлін, мемлекет тарапынан әйелдерге, қолдау көрсету шараларын, еңбегіне қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.