Есенов университеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы негізінде жоба жетекшісі профессор Б.Б. Ахметов іске асырған ЖТН AP08855887 «Кибернетикалық қауіпсіздік жүйелеріне инвестициялау процесінде интеллектуалды шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесін әзірлеу» тақырыбындағы жобасы сәтті аяқталды. Жобаның жалпы сомасы 2020-2022 жылдарға 52 563570 теңгені құрады.
Ғылыми жоба шабуылдаушы тарапқа белсенді қарсы әрекет ету жағдайында ақпараттандыру объектілерін АҚ және КрҚ құралдарын қаржыландыру процесінде ШҚҚЖ үшін жаңа әдістерді, модельдерді және қолданбалы БЖ әзірлеу мәселелері деструктивті әсер ету санының өсуі жағдайында, оның ішінде нысаналы, АМКЖ және АҚО-да шешімдер қабылдаудың сапасы мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба мақсаты шабуылдаушы тарапқа белсенді қарсы әрекет ету жағдайында аса маңызды компьютерлік жүйелердің ақпараттық және киберқауіпсіздік құралдарына қаржыландыру процесінің шешімдерін қолдаудың интеллектуализацияланған жүйелерінің тиімділігін арттыру.
Алынған ғылыми нәтижелер бойынша жұмыс істеудің құрылымдық схемасы әзірленді. Қарсы жақпен (хакер) динамикалық қарама-қайшылықта АҚ жүйесіне инвестициялаудың ұтымды стратегиясын таңдау үшін бағдарламалық қамтамасыз ету ШҚҚЖ енгізілді. Алғаш рет математикалық шешім алынды, ол бірнеше терминалды беттері бар екі сызықты көп қадамды сапалы ойындардың инструментарии жинағына негізделген.
Ұсынылып отырған ШҚҚЖ «Киберқауіпсіздікке инвестициялау DSS» ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруді қажет ететін әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдарда сынақтан өтті.