2019 жылдың 2-қыркүйегінде Yessenov University «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасының Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талдады.
Кафедра меңгерушісі А.И. Мамбетова өз сөзінде Жолдаудың басым бағыттарына назар аударып, қарқыны күшті, талаптары күрделі жаһандану дәуірінде кез-келген мемлекеттің негізгі тірегі – елінің бірлігі, халықтар достығы екендігін және қазіргі таңдағы қоғамдық келісімге, этно мәдени бірлестіктерге және кафедрамызға қойылып отырған талаптарға баса назар аударды.
Отырыс барысында кафедра оқытушылары жолдауға қатысты өз ойларын ортаға салды.