2018 жылдың қыркүйек айының 19 күні «Жастар үйі» облыстық жастар орталығында «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес тренері Еркін Атабаевтың қатысуымен «Бизнес және құқық» факультеті, «Менеджмент» кафедраcының ұйымдастыруымен Yessenov University студенттеріне арналған «Өзіңнің армандаған бизнесіңді құр» атты тақырыпта семинар-тренингі өтті.

Бизнес тренингтің негізгі идеясы – SMART схемасына сәйкес мақсаттарды орнату (мақсатты белгілеу және тұжырымдаудың танымал және тиімді технологиясы). SMART схемасы әлемдегі барлық бизнес мектептерде зерттеледі және менеджерлер үшін жалпы қабылданған стандарттар болып табылады.