Жаңа кабинеттердің ашылуы

Yessenov University-де көптеген жақсы жаңалықтары бар. Атап айтар болсақ,

Қазақ халқының, оның ішінде Маңғыстау қазақтарының басынан кешірген тарихи оқиғаларының ізін зерделеген өлкетанушы, Маңғыстау қазақтары-Адайлардың рулық генеалогиясын, шежіресін қағаз бетіне түсірген алғашқы автордың бірі, тарихшы Алшын Мендалиев атындағы аудиторияның ашылуы,

көп жылдар ауыл-шаруашылығы саласында басшылық қызмет атқарған қоғам қайраткері, «Парасат» қозғалысының жетекшісі, «Халықтық келісім» ҚБ бірінші төрағасы Жаздырхан Сейдалиевтың аудиториясы,

Тонмен Университеті (Оңтүстік Корея)  мен Yessenov University арасындағы ынтымақтастықты нығайту жұмыстарының жалғасы ретінде,  А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы «Корей тілі орталығының» директоры Сон Си Мьен мырзаның қолдауымен «Корея Республикасының мәдениеті мен тарихын танымал ету және корей тілін үйренуге қолдау көрсету»  мақсатында «Корей тілі» кабинетінің ашылуы,

Елбасы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жарияланған латын қарпіне ауысуды студенттеріміз жедел түрде меңгеруі үшін  Латын қарпін үйрену кабинетінің ашылуы,

сондай-ақ, университетімізде мақсаты – кәсіпкерлік білім беру бағытында Каспий өңірі жастарының, жаңа бастаушы кәсіпкерлердің және оқытушылар құрамы арасында  инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, келешекте стартап идеяларды табысты бизнеске айналдыру болып табылатын «Каспий» кәсіпкерлік орталығының   ашылуы өтті. Бұл орталықта университетке оқуға келген студент өз мамандығы бойынша білім алып қоймай, өз бизнесін дамытуына мүмкіндік алады.