15 қараша күні «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде #YESSENOVPARTY студенттік арнауы өтті.

15 қараша күні «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде #YESSENOVPARTY студенттік арнауы өтті.
Салтанатты шараға университет басшылығы, қаланың құрметті қонақтары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер және жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.
#YESSENOVPARTY — Yessenov University мәртебесі бойынша ең жоғарғы іс-шаралардың бірі.
Шара басында ҰБТ-да жоғары балл жинаған студенттер студенттік билетке ие болды. Одан әрі UNION студенттік кеңесінің жаңа президенті таныстырылды.
Аталған іс-шарада Talent Show-2019 жобасының финалы өтті.
Кеш жүргізушілері — Диас Бейбітұлы мен Абай Түзелбай залды ұмытылмас энергетикамен қуаттап, біздің демеушілеріміз атынан сертификаттар мен сыйлықтар, сонымен қатар университеттің корпоративтік атрибуттарының ұтыс ойынын өткізді.
Бұдан кейін Мирас Жүгінісов, abdr. және Darkhan Juzz сахнаға шығып, студенттерімізге өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шараны Ақтау қаласының үздік диджейлері би кешімен жалғастырды.

Іс-шараны Ақтау қаласының үздік диджейлері би кешімен жалғастырды.

Келесі нені оқу керек: