16 Қыркүйек 2019

Yessenov University ректорының Теңіз Академиясының студенттерімен кездесуі

Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов Теңіз Академиясының студенттерімен дәстүрлі кездесу өткізді.
Студенттер конвенциялық дайындық курстары, теңіз мамандықтары бойынша қос диплом бағдарламасы, шетелдік академиялық ұтқырлық, университеттің спорт секцияларына жазылу мәселелері бойынша қызығушылық танытты. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.