Yessenov University-де  Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізді. Сыртқы сараптама комиссиясының ұсынысын жүзеге асыру бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес аккредиттеуден кейінгі мониторинг аясында университеттің профессор-оқытушылар құрамы 2016 жылы аккредиттеуден өткен сәттен бастап атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.