Yessenov Summer School 2019

Құрметті студенттер, 1.07.2019ж.-14.07.2019ж. аралығында АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Румыния және Болгария елдерінен жаттықтырушылар тартылып, кәсіпкерлік және көшбасшылық дағдыларын дамытудың шетелдік тәжірибелерін,  сонымен катар кәсіби ағылшын, латын, корей тілдер курстарын өткізу мақсатында Yessenov Summer School 2019 жазғы мектебіне тіркеу  басталғандығын хабарлаймыз.

Yessenov Summer School 2019 жазғы мектебінде аталған курстар өткізілуімен қатар киелі Маңғыстау өңіріндегі ашық аспан астындағы тарихи-археологиялық мұражайларға (Бекет ата, Шерқала, Отпан тау, Саура және т.б.), Каспий теңізіне, оның ішінде Қазақстанның әлемге шығар қақпасы – Ақтау Халықаралық теңіз сауда портына саяхат жасау жоспарлануда.

13.07.2019ж.- Өткізілген курстар бойынша сертификаттар беріледі және арнайы Yessenov Summer School 2019 party ұйымдастырылады.

Yessenov Summer School 2019 жазғы мектебіне тіркелу келесі сілтеме арқылы жузеге асады: http://yss.yu.edu.kz/

Қатысу құны: 60 000 тенге (Университет жатақханасына орналастыру, таңертеңгілік, түскі және кешкі ас, саяхат жасау кезіндегі трансфермен қамтамасыз ету). Өтінім беру мерзімі – 2019 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады.