Yessenov University «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Wednesday evening with…» еркін нысанда студенттердің танымал тұлғалармен кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында Yessenov University түлектері, Маңғыстау облысы Жайдарман филиалының директоры Сағынтаев Дәулет және Манғыстау Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары  Фазылов Абылай өз қызметтері туралы  әнгімелеп берді. Кездесу кезінде студенттердің қойған сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.