14 Желтоқсан 2019

Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры

Yessenov University-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты салтанатты жиын өтті.

Yessenov University-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты салтанатты жиын өтті.

Жиын барысында университет ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов университет дамуына өз үлестерін қосқан оқытушыларды Ш. Есенов төсбелгісімен, сондай-ақ бірқатар оқытушылар және қызметкерлерді ректордың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапаттады. Ғылым беру саласында ерекше еңбегі үшін ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен “Инжиниринг” факультетінің профессоры Серікбаева Ақмарал Қабылбековна марапатталды. Салтанатты жиынның соңы мерекелік концертке ұласты.

Салтанатты жиынның соңы мерекелік концертке ұласты.

Келесі нені оқу керек: