Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Yessenov University барлық кафедраларында “Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шаралар еліміздің барлық жоғары оқу орындарында өтуде. Іс-шараға студенттер мен оқытушылар қатысты. Дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері және осы мәселеге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.