Студенттерімізді ұлықтау рәсімі

Yessenov University-де университетіміздің мәртебесін асқақтатқан студенттерімізді ұлықтау рәсімі өтті. Шараға университет басшылығы, оқытушылары және студенттер қатысты. Жиын барысында университет басшысы Берік Ахметов сөз алып, университетіміздің мәртебесін асқақтатып жүрген студенттерімізді құттықтады. Есіңізге сала кетейік, біздің студенттеріміз жақында ғана өткен футзалдан Ұлттық студенттік лигада 2-орын иемденді және бокстан Маңғыстау облысы құрамасы сапында Конфедерация кубогының жеңімпазы атанды.