25 Ақпан 2019

Әскери полициямен кездесу

Yessenov University-дің әскери кафедрасының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштери имидждік ақпараттық жұмыс жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын-алу жұмыстары» тақырыбы бойынша студенттермен пікірталас өтті.
Осы іс-шараларға Ақтау гарнизонының әскери полиция өкілі майор Лесеев Максим Владимирович қатысты. Сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау жөніндегі алдын алу жұмысты жүйелі түрде, оның ішінде анонимді сауал және сауалнама жүргізу, «сенім телефондарын» қолдану, курсанттардың басшылыққа тікелей өтініш білдіру мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ жеке қабылдау арқылы жүргізу керектігі түсіндірілді.