08 Қазан 2019

«Ұстаз — үлгі өнеге, ұлағатым!»

4 қазан күні Yеssenov University-де Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз — үлгі өнеге, ұлағатым!» атты салтанатты жиын өтті. Жиында Yеssenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов университет ұжымын кәсіби мерекесімен құттықтап, барлық оқытушыларға “Yessenov University” төсбелгілерін табыс етті. Білім мен ғылымды дамытуға орасан зор үлес қосқан профессор-оқытушылар құрамы Шахмардан Есенов атындағы төс медалімен марапатталды. Сонымен қатар, Кəсіподақ ұйымы мерейлі жасқа толған кəсіподақмүшелеріне сыйлықтар табыстады.
Салтанатты жиын соңы шығармашылық үйірмелердің концерттік бағдарламасымен жалғасты.