04 Қазан 2019

«YU ÓNERLI JASTARDY SHAQYRADY» атты шығармашылық кеші

Yessenov University-де “Жастар шығармашылығы” бөлімінің ұйымдастыруымен, «YU ÓNERLI JASTARDY SHAQYRADY» атты шығармашылық кеш өтті. Кеш студенттердің бос уақыттарын тиімді пайдалану, шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды жастарды қолдау және анықтау мақсатында жүргізілді. Кеш барысында шығармашылық үйірме жетекшілері сөз сөйлеп, студент-жастарды шығармашылық үйірмелерге қатысуға шақырды. Шығармашылық кеште университетіміздің талантты жастары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленді. Ерік-жігері күшті жастар ел ертеңі мен өз болашағы үшін, үйірмелерге қатысуда.