Ректордың Педагогика факультетінің студенттерімен кездесуі

Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов Педагогика факультетінің студенттерімен дәстүрлі кездесу өткізді.
Кездесу барысында ректор студенттерге білім берудегі негізгі трендтер туралы айтып берді.
Студенттер қазіргі қоғамдағы ең қажетті мамандықтар туралы ақпарат алып, кездесу соңында өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап алды.