11 Қыркүйек 2019

Ректордың Базалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесуі

9-қыркүйек күні Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов Базалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.
Өз сөзінде ректор білім беру жүйесінің жаңа сын-қатерлері туралы айтып, академиялық адалдық мәселелерін қозғады.
Кездесуді қорытындылай келе, базалық факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы ректормен бірге факультетте бар мәселелерді, жаңа оқу жылында қойылған міндеттерді талқылап, тек университеттік деңгейде ғана емес, сонымен қатар аймақтық аспектіде де факультеттің даму болашағы мен сапасын арттыру туралы пікірлерімен бөлісті.