13 Қыркүйек 2019

Ректор «Бизнес және құқық» факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті

11-қыркүйек күні Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов «Бизнес және құқық» факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті.
Кездесу барысында ректор және профессор-оқытушылар құрамы факультет алдында тұрған міндеттерді талқылап, парасаттылық мектебін құру, бизнес-білімді дамыту және университет аясында ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптары үшін кәсіпкерлік курстарын ашу мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, академиялық адалдық пен жемқорлыққа қарсы бағыт мәселелері қозғалды.