20 Ақпан 2019

Пәндік олимпиада өтті

«Менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары студенттері арасында пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиада үш кезеңнен құралды: команданы таныстыру, капитандар сайысы, жобаларды презентациялау. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

1 орын — «Жалын» тобы;

2 орын — «Топ — менеджер» тобы;

3 орын — «ГМУ — star» тобы.