Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде профессор О. Т.  Теміртасовтың 80 жылдығына арналған «Машина бөлшектері мен конструкцияларының негіздері» пәні бойынша республикалық олимпиада өтті.
Олимпиада екі бөлімнен тұрды: 1 күні- жеке сынақ, 2 күні”Брейн Ринг” командалық
сайысы. Студент Жолдасбаев Бекарыс “Машина бөлшектері мен конструкцияларының негіздері” пәні бойынша тапсырмаларды шешкені үшін III орынға ие болды.”Брейн Ринг” командалық конкурсына қатысушылар командамен бірге жалпы тапсырмаларды шешуі тиіс болатын, Yessenov University намысые қорғаған Жолдасбаев Бекарыс, Қайырбаев Исламбек, Тлеуханов Ілияс барлық қатысушы жоғары оқу орындарының арасында III орынға ие болды.