30 Наурыз 2019

Өнеркәсіптегі цифрлық технологиялар

«Инжиниринг» факультетінің «Компьютерлік инжиниринг» кафедрасы «Өнеркәсіптегі цифрлық технологиялар» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өткізілуін ұйымдастырды.
Конференция 4 секция бойынша өтті:
1. Мұнай-газ және машина жасау салаларының заманауи проблемалары
2. Өндірістегі ақпараттық технологиялардың дамуының заманауи тенденциялары
3. Цифрландырудың экономикалық-құқықтық аспектілері
4. Білім беруді цифрландыру жағдайындағы педагогикалық өлшемдер
Конференция материалдары ғылыми жұмыстар жинағы түрінде шығарылады.
Негізгі мақсаты: конструктивті пікірталас пен ақпарат алмасуға, цифрлық технологияларды пайдалануда тиімді тәжірибені алмасу, индустриядағы, ұлттық экономика секторында және қазіргі заманғы білім беруде инновацияларды енгізу үшін алаң құру.