“TOM: Aktau”72 сағаттық мейкатонының қорытындысы шығарылды. Жеті команда мүмкіндігі шектеулі адамдардың тұрмысын жеңілдетуге көмектесетін құрылғылардың прототипін ұсынды.

Қазылар алқасына шешім шығару оңайға соққан жоқ, себебі 7 жобаның әрқайсысы жоғары деңгейде ұсынылды, нәтиже жоба серіктестерінің күткенінен де асып түсті. Қазылар алқасының құрамына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Лазаревна Ілмұханбетова, “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Нұри Лазаревич Тумышев, Yessenov University ғылыми жұмыс және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ермек Талантұлы Нұрмағанбет, “ERG Көмек” корпоративтік қорының өкілі, Динара Алматқызы Момбаева, Израильден келген сарапшы, Даниэл Лэви қатысты.

7 команда ұсынған 7 прототиптен тек бір ғана жеңімпаз  анықталды, ол  “АГУ” командасының (Ресей Федерациясы, Астрахань қ.) “Ғимаратта нашар көретіндерді бағдарлаудың бағдарламалық-аппараттық кешені” жобасы.

  • “Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған ақылды таяқ” (“Engineers of YU”)
  • ” Зағиптарға арналған түс танығыш” (“a-Robot” командасы»)
  • “Аяқ-қолды әзірлеуге арналған пассивті-белсенді тренажер” (“Union” командасы”)
  • “Beethoven – мылқау адамдармен тілдесуге арналған діріл жүйесі” (“Easy Life” командасы)”)
  • “Камера-белгі, көзі көрмейтіндерді кеңістікте бағдарлау және құлаққап арқылы хабарлау үшін” (“Приборист” командасы)”)
  • “Мүгедектер креслосында мүмкіндігі шектеулі адамдардың баспалдақтан өту мәселесін шешу” (“MedEngineerin командасы”)

Өз кезегінде, командалар өздерінің қалауы бойынша прототиптермен жұмысты жалғастыра алады, оларды толыққанды өнертабыстарға дейін жеткізе алады. Бұл жағдайда командалар өнертабыстарды кең нарыққа шығара отырып, әлеуметтік кәсіпкерлер ретінде өз күштерін сынап көре алады. Бұл үшін алғашқы қадам, ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында Ақтау қаласында өтетін жобаның екінші кезеңі болады.