Кезекті Public talk

20 наурыз күні сағат 12:00-де YU бас корпусының Атриум залында #PublicTalk жобасының аясында Паоло Сорберро, Әсел Есжанова және Динара Жақсынбекпен кездесу өтті.
Паоло Сорберро — Италиядан келген журналист және зерттеуші. Ол студенттерге еліміздегі мұнай секторына, қаржы ісі мен саясатқа қатысты көптеген нюанстарды түсіндірді.
Әсел Есжанова — сәулетші, “Urban Forum Kazakhstan” қоғамдық қорының негізін қалаушы және жетекшісі, мәдениет саласындағы тәуелсіз жобалардың бастамашысы. Ол студенттерге урбанизацияның маңыздылығы туралы айтып, көптеген мысалдар келтірді.
Динара Жақсынбек — Әлеуметтік және экономикалық дамытуға маманданған маман. Ол Сан Франциско қаласында HULT International Business School әлеуметтік кәсіпкерлікте магистрлік дәрежеге ие болды. Динара студенттерге қазіргі әлемде әлеуметтік кәсіпкерліктің маңызы неде екенін түсіндірді.