11 Қыркүйек 2019

Кәсіби дайындықтың қысқа мерзімді курстары

Үздіксіз білім беру Институты облыс азаматтарын сапалы кәсіби қызмет көрсетуде кепілді сенімділік беретін қысқа мерзімді курстарға оқуға шақырады!
Yessenov University-де «Электргазымен дәнекерлеуші» курсын сәтті аяқтаған 31 тыңдаушыға кәсіби дайындық туралы белгіленген үлгідегі куәлік салтанатты түрде табыс етілді.
«Электргаздәнекерлеуші» қысқа мерзімді курсын оқытудың бірінші кезеңінің қорытындысы және Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ұсынысы бойынша ағымдағы жылдың 9-қыркүйегінен бастап «Электргаздәнекерлеуші» жұмысшы мамандықтарын оқыту курсының екінші легі басталды. Сондай-ақ «Моторист-машинист», «Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесары», «Автомобиль электржабдығын жөндеу электригі» курстарына қабылдау жүріп жатыр. Курстарға Маңғыстау облысының азаматтары арасынан 100-ден астам тыңдаушылардың өтініштері қабылданды.