Бибісара Асаубаева Yessenov University-де

“Шахмат ханшайымы” Бибисара Асаубаева енді Yessenov University студенті.
Yessenov University ректоры Берік Ахметов бүгін шахмат бойынша әлемнің бес дүркін чемпионы, ФИДЕ шебері Бибісара Асаубаевамен кездесті.
Кездесу барысында университет басшысы шахмат шеберіне Yessenov University колледжінде оқуға грант бөлгендігін жариялады.
Кездесу соңында университет ректоры мен шахматшы арасында достастық кездесу ойыны өтті.