Бәсекеге қабілетті жастар

Yessenov University Инжиниринг факультетінде «Қазақстанның инновациялық дамуы – бәсекеге қабілетті жастар» атты студенттердің аймақтық ғылыми конференциясы өтті. Бұл конференция «Жастар жылы» аясында өтті, оның мақсаты мен міндеттері: заманауи өзекті мәселелерді шешуде инновациялардың тиімділігін арттыру, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, инновацияның іргелі мәселелеріне назар аудару, заманауи инжиниринг саласындағы жетістіктерді шоғырландыру және келешекке арналған іс-қимыл жоспарын әзірлеу, инновациялық жобаларды тиімді басқару үшін ғылыми топтарды қалыптастыру, білім беру, ғылым және техникадағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде инновациялық шешімдерді талқылау.
Конференция барысында Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінің студенттері мен магистранттарының пленарлық және секциялық баяндамалары тыңдалды. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар үздік баяндамалар үшін дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.