15 қыркүйек күні   Yessenov University-де КСРО халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын Қыран» және Құрмет орденің иегері, “Қазақстан Мәдениет саласының Үздігі”, кино және театр актері, профессор  Асанәлі Әшімұлы Әшімовтың  қатысуымен Public talk форматында кездесу өтті. Кездесуге университет студенттері, қызметкерлері және оқытушылар құрамы қатысты. Студенттер  тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды әрі көңілді жауаптар қайтарған Асанәлі Әшімов кездесу барысында өнегелі әңгімелерімен де бөлісті. Университетіміздің өнерлі студенттері өз арнауын оқып берді. Кездесудің тағы да бір қызығы ағамызбен аттас Асанәлі Әшімов есімді студенттің келген қонағымыздан бата алғаны.Асанәлі Әшімов өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды. Кездесу соңында  оқуда сәттілік тілеп, студенттермен  естелік суретке түсті.