Қаржыгерлермен кездесу

“Қаржы” кафедрасының студенттері мен оқытушыларымен ұйымдастыруымен МОФ “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ өкілдерімен – бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Г.Мулхайдаровамен және бас маман Д.Вагауиямен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесу Қазақстандағы жарияланған жастар жылына арналған арнайы мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету тақырыбына байланысты өткізілді.

Кездесу барысында Маңғыстау облысындағы тұрғын үй құрылысының жағдайы мен даму болашағы, тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасы талқыланды. Сонымен қатар, банк өкілдері студенттерді болашақ практикалық қызметінде қажетті кәсіби дағдыларды алу үшін кеңесшілер ретінде ынтымақтастыққа шақырды.