Yessenov University-де «Абай әлеміне саяхат» клубының ашылу салтанаты өтті. Клубты құруға мұрындық болған қоғам қайраткері, ақын, сәулетші, Абайтанушы Сайын Назарбек, университет проректоры Г.У. Джолдасбаева, «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі А.Н. Отарова клуб жұмысына сәттіліктер тіледі. «Абай әлеміне саяхат» клубының мақсаты – Абайдың төл туындылары арқылы жастарға рухани серпін сыйлау. Клубтың жетекшісі болып «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Н.С. Қамарова бекітілді. Ашылу салтанатында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті М.Жұмабай Абай атамызға арнауын орындады.  Түпқараған ауданы Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Нұрсұлтан М. Абайдың қара сөздерін үш тілде оқыды.