02 Мамыр 2019

30-шы жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық

«Қаржы» кафедрасында аға оқытушы Кисаева З.Н. және «Есеп және аудит» мамандығының 3-курс студенттері 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған «30-шы жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық: бастаулар мен алғышарттар» атты ашық кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағат аясында студенттер мұрағаттық материалдардан жиналған баяндаманы ұсынды, «Зұлмат»деректі фильмінен үзінді көрсетілді. Кураторлық сағаттың мақсаты: тарихқа танымдық қызығушылықты жандандыру, рухани көңіл-күйді көрсету, 1931-1933 жж. оқиғаларының қайғысын түсіну, осы оқиғалардың себептері мен салдары, сондай-ақ өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және өз халқының тағдырына жауапкершілік сезімін ояту.