«Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесінің қызметкерлерімен кездесу

27 наурыз күні «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруда темекі шегумен күресудің маңызы» тақырыбында «Құқықтану» және «Халықаралық қатынастар» мамандығы студенттеріне семинар-тренинг өткізілді. Кездесуге «Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесінің қызметкері, психолог Маржан Мустафина және ассисстент Айжамал Базарова шақырылды.

Кездесудің мақсаты – темекінің адам өміріне зиянды екенін түсіндіре отырып, жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіпті екендігін түсіндіру.