Әділет басқармасы өкілдері

Yessenov University «Юриспруденция» мамандығының 2-курс студенттері Маңғыстау облысы Әділет департаменті зияткерлік меншік бөлімінің басшысы С.А. Баксеновпен және Ақтау қаласы әділет басқармасының басшысы А.Ж. Тілекбаевпен кездесті. Мамандар зияткерлік меншікке қатысты ҚР заңнамасындағы соңғы уақыттардағы өзгерістер мен толықтырулар, авторлық құқық және өзге де сұрақтар туралы түсіндірулер берді.